Маловодное мен Қазаткомда тұрмыстық-криминалдық сипаттағы қақтығыс болған - Бас прокуратура

"Бас прокуратура осы іс бойынша тергеудің барлық тұжырымдарына қосылады және қақтығыс тұрмыстық-криминалдық сипатта деп санайды",- деді бүгін өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының арнаулы өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

"Әлдекімдердің бұл оқиғаға ұлтаралық сипат беруге жасап жүрген пайым-тұжырымдарының негізі жоқ",- деді С.Нұрпейісов.

Бұдан бұырн да хабарлағанымыздай, Еңбекшіқазақ ауданының екі тұрғынының арасында шыққан жаңжалдың қару қолданылған жаппай төбелеске ұласуы салдарынан бес адам қаза тапса, тағы төрт адам ауруханада жатыр. Қазір бұл дерек бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалған, екі адам тұтқындалып, біреуіне іздеу жарияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті