Мальтада 26 адамды көлік басып кеткен қайғылы оқиға туралы бейнетүсірілім жария болды

деп хабарлады ресейлік lifenews.ru сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. 

«Мальтада халықаралық әуежай маңында өтіп жатқан «Paqpaqli ghal-Istrina» автошоуында «Porsche 918 Spyder» суперкөлігі көрермендер мінберіне соғылды», делінген дереккөз ақпаратында. 
Барлық жапа шеккендер ауруханаға жеткізілді. Times of Malta басылымының хабарлауынша, оқиғадан 26 адам жапа шекті. Оның ішінде 6 жасар бала бар. Бұған дейін 21 адам мертіккені туралы ақпарат тараған болатын. 5 адам өте ауыр хәлде жатыр.