Малы өрістен ұрланып жатқан жұрт полицияның сылбырлығына наразылық білдірді

Бар-жоғы жүзден астам үйі бар шағын ауыл қазір үрей үстінде отыр. Себебі, айналдырған 2 жылдың ішінде жүзге жуық малы қолды болған. Өрістегіні қойып үйді жағалаған баукеспелер ірі-қараны алысқа апарып әуреге түспейді екен. Буаз биені ауыл іргесіндегі зираттың ішінде бауыздағандарын көргенде жұрт жағасын ұстапты. Ал полицейлер осы ауылдан мал ұрлығы туралы бар болғаны екі-ақ арыз түсті дегендерімен, оның өзі әлі ашылмаған.


Сарқыт Сәтмағамбетова Құрылыс ауылының тұрғыны:

-Полиция  жұмыс істемейді. Қағаз толтырудан қолдары босамайды. Ал қылмыс ашылмай жатыр.  Мен не басқа біреу үшін асырап жатырмын ба малды? Жоғары жаққа барайын бедім бірақ қайда барам. Әкімдік те полиция да жұмыс істемейді.  Екеуі бір бірімен байланысты.