"Мамам ұятың болса Арсенге тоқал алып бер деді": Блогер күйеуіне тоқал сыйлауының себебін түсіндірді

Бұл туралы ол "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Тоқал деген бізде өте өзекті мәселе. Қазір білдірмей алып жатқандар өте көп. Қыздардың 99,9% осы тақырыптан қорқады. Сонымен осы идея Арекеңе келді, негізі біздің барлық вайндарымыздың сценарийін осы кісі жазады. Тоқалды да Арсен шығарды. Бірақ, хит боламыз, хайп жасаймыз деген мақсат болмады. Ол жай ғана әзіл. Негізі Арсеннің тоқал алуына анам да қарсы емес. Мамам "сенің ұятың болса Арсенге тоқал алып бер",  деген.  Анам Арсенді қатты жақсы көреді, және барлық жақсылыққа лайық деп санайды", - дейді Мереке Қалбаева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мереке Қалбаеваның күйеуіне тоқал сыйлағанын жазған болатынбыз. 

Loading...