Мамандандырылған ХҚКО жұмысы уақытша тоқтатылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақауларға байланысты бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету үрдісі уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ІІМ қызметкерлері базаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады, - делінген хабарламада.