Мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер уақытша жұмыс істемейді

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жүйесінің істен шығуына байланысты Қазақстан бойынша мамандандырылған ХҚКО қызметтері қолжетімсіз. Бүгін мамандандырылған ХҚКО-ларда автоқызметтер сағат 12.00-ге дейін жұмыс істемейді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысындағы ақау 25 мамырда басталғаны хабарланған болатын. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәліметі бойынша, ІІМ ӘПК жүйесінегі ақау сағат 12.00-де басталған.


"Мамандандырылған ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтердің барлығы дерлік - автокөлікті тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін беру - солардың сервистері", - деді олар.