Мамандар Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы минералды су қорының азая түсуіне алаңдаулы

"Кейінгі он жылда біз су қорының үштен бір бөлігінен ойламсыздықтан айрылдық. Менің бұл тұжырымым 2004 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан 506-Д ұңғысының жұмысына жүргізілген мониторингіге негізделеді. Кейінгі 4 жылда судың өзіндігінен толуы секундына 5-тен 1,71 литрге дейін азайды. Біз табиғаттың бізге берген сыйы - термоминералды суды біртіндеп құрдымға жіберудеміз", - деді "Курорт -Барс 2030" ЖШС директоры Молдалы Қолдас.