Бұл туралы ол Instagram-дағы тікелей эфирінің бірінде айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Тақиялы періште" фильміндегі басты кейіпкер әдеттегі "мамсик" ол. Ол жердегі анасы токсичный адам. Бүкіл Алматыда дап дардай еркекке қатын іздеп жүр. Біз соны күліп көрдік. Сол жерде болып жатқан жағдайды норма деп қабылдайсың. Сен оны норма деп қабылдағаннан кейін сол өмірді сүресің. Біздің әке-шешеміз сол фильмді көріп, күлетін. Содан ол нормаға айналып кетті. Бізде мамасының балдары содан шыққан жоқ па? Өте токсичный мама. "Мынау болады, мынау болмайды" деген тұтынушылық қарым-қатынас. Анасы өз баласын жақсы көрмейді. Жақсы көрсе, баласына олай жасамас еді. Бұл мүлдем махаббат емес, бірақ біз соны көрдік. Анасынсыз ештеңе істей алмайды", - деді Роза Әшірбаева.