"Маматай деп еркелеймін": Ерке Есмахан енесін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманнан келген сауалдарға жауап берді. Желі қолданушысы: “Енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай?” деп сұрақ қойды.

“Маматай деп еркелеймін, еркелетемін. Мамамнан үйренерім көп. Алтын адам. Барған жерім, Аллаға шүкір, текті”, – деп жазды Ерке Есмахан.

“Тіпті Байзақованың аяғы ауыр. Ал сен әлі жүрсің” деген оқырман сауалы да жауапсыз қалмады.

“Неге сен солай айтасың? Айжанға шын жүрегіммен бақыт тілеймін. Аман-есен босынап алсын. Мен енді Алла бұйырғанын көрермін. Жақсы тілектеріңізге рахмет”, – дейді өнер иесі.