Мамин Ashyq қатысушыларына жеңілдіктер енгізуді тапсырды

Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Жағдайы тұрақталған өңірлердегі ведомствоаралық комиссияға демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын бизнес субъектілері үшін шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарауды тапсырамын. Ералы Лұқпанұлы, бұл сіздің бақылауыңызда", - деп тапсырды Мамин Үкімет отырысында.

Жалпы, оның айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарып, вирус жұқтыру деңгейі біртіндеп төмендей бастаған.

"Өткен аптада вирустың репродуктивті индексі 1-ден төмен болды, қазір - 0,93. Сонымен қатар, Түркістан облысынан басқа барлық өңір "қызыл" аймақта. Инфекциялық төсектердің толуы 49 пайыз және реанимациялық төсектертер - 46 пайыз. Барлығы 6,5 миллионға жуық адам бірінші компонентпен егілді, екінші компонентпен 5 миллионнан аса адам егілді. Вакцинация науқанын одан әрі күшейту қажет", - деді Асқар Мамин.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат беру мәселесін пысықтауды тапсырған болатын.


Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, Ashyq жобасына қатысушыларға демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін пысықтауды тапсырды.