«Мамма мия» - талантты бойжеткендерді іздеуде!

Айта кетейік, аталмыш жоба арнамызда биыл ғана бастау алған болатын. Іріктеуден өткен 16 бойжеткен аналарымен қоса біраз сынға түсіп, қызықты сәттерді бастан өткерген еді. Дәлірек айтсақ, «Мамма мия» реалити-шоу форматында болғандықтан аналары қауіпті аймаққа түскен әнші қыздары үшін бәрін жасауға тырысып бақты. 1-ші маусым финалы ойдағыдай Түркияда қорытындыланып, 1 жарым млн теңге жеңімпаз Роза Саметоваға бұйырды. Ал 2-ші маусым одан да ауқымды болады деп күтеді шығармашылық топ. Іріктеу КТК арнасында өтетінін айта кетейік.

Наталья Крылова, КТК телеарнасы меншікті бағдарламалар дирекциясының директоры:

- Шын мәнінде «Мамма мия» жобасы көрермендер көңілінен осыншама орын алады деп күтпедік. Міне, «жүзден жүйрік» қыздарымызды іріктеп финалда құттықтағанымыз кеше ғана еді, енді бүгін 2-ші маусымды бастағалы отырмыз. Байқауға қызығушылық танытқандар болса, толық ақпаратты сайттан біле аласыздар!

Сонымен, 15,16,17,18 желтоқсанда сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін КТК арнасында (Республика алаңы 13, Сәтбаев-Фурманов қиылысы)
14-16 жастағы бойжеткендерді анасымен бірге кастингке шақырамыз
. Вокалдық, әншілік, сахнада өзін-өзі ұстау, әртістік, тартымдылық қасиеттерін байқаймыз. Анасының да өнері байқалады. Өйткені қыздар анасымен бірге сахнаға шығады. Бүгінгі күні 30 бойжеткен тыңдаудан өтті. Көбісіне вокалмен, хореографиясымен жұмыс істеуге кеңес берілді. Тек 5 бойжеткен ғана қатысуға рұқсат алды. Олардың тағдыры алдағы кастингте белгілі болмақ, оған дейін үш күн қалды. Жобаға 12 жұп қатыстырылмақ.
Әділқазылар алқасы: Баян Есентаева - жобаның продюсері, Бағым Мухитденова - музыкалық продюсер, Гүлнұр Мамасарипова - атқарушы продюсер, Меруерт Есен - кастинг-директор, Наталья Фазылжанова - КТК меншікті бағдарламаларының директоры. Ал бүгін конкурсқа қатысушылардың талантын Алтынай Жорабаева бақылады. Алдағы күндері әділқазылар алқасы: Қайрат Нұртас, Айгүл Иманбаева, Мәдина Садуақасова.