"SCAT" әуе компаниясы» АҚ-ның PR бөлімі бүгін таратқан хабарламасында мәлімделгендей, 27 мамырдан бастап Ақтау-Волгоград бағытымен сейсенбі мен бейсенбі күндері, Ақтау-Ростов бағыты бойынша бейсенбі күндері, 29 мамырдан бастап сәрсенбі және сенбі сайын Ақтау-Сочи бағытында ұшақ ұшады.
Жаңа әуе бағыттарының ашылуы нәтижесінде SCAT әуе компаниясының бағыттық желісі әлемнің бес еліне он екі бағыт бойынша жүргізіледі.