Мамыр айында Қазақстан халқының саны 20 мың 200 адамға көбейді

Мемлекеттік статистика мамандарының пікірінше, мамырда табиғи өсім – 51 мың 122 адамды, ал 2014 жылдың қаңтар-мамыры аралығында – 104 мың 369 адам (2013 жылдың қаңтар-мамырында 99 мың 188 адам).

Демографиялық ахуалға қатысты уақытша көрсеткіштер мынадай: туылған бала саны – 32 мың 18 және 160 мың 166, өлім-жітім - 10 мың 896 және 55 мың 797 адам.

Агенттіктің хабарлауынша, 2014 жылдың мамыр айында республикамызда 9 мың 222 неке қиылса, жалпы қаңтар-мамыр аралығында - 53 мың 373 отау тігіліпті (2013 жылдың дәл осындай кезеңінде 56 мың 746 отбасы).

Сонымен қатар, мамыр айында 4 мың 185 неке бұзылған. Ал, жалпы, өткен жылдың бастапқы бес айында 20 мың 631 отбасы ажырасқан (11 мың 613).


Статистика мамандарының дерегіне сүйенсек, қаңтар-мамыр аралығында Қазақстаннан 147 мың 318 адам (113 мың 444) көшіп кеткен, керісінше, елге қоныс аударғандар саны 146 мың 759 адам (115 мың 44).

Көші-қонның оң сальдосы – 559 адам.