Мамыр айында Қазақстанда 156 адам ВИЧ індетін жаңадан жұқтырған – статистика

156 сырқат тіркелді. Өткен жылдың осы уақытында індет тырнағына 177 адам іліккен болатын.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, биыл қаңтар-мамыр аралығында 975 адам ВИЧ жұқтырған (2013 жылдың осы уақытында – 856).

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы елімізде ВИЧ-ке шалдыққан 1 мың 941 адам тіркелген.