Мамыр айындағы мерекелерде қазақстандықтар қолданыстағы заңға сәйкес демалады

"Демалыс күндерін ауыстыру туралы ешқандай қаулы жоспарланған жоқ",- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 1-мамырда елімізде Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы, ал 9-мамырда - Жеңіс Күні тойланады. Үстіміздегі жылы 1-мамыр сейсенбіге тура келсе, 9-мамыр сәрсенбі күн болып отыр. Екі мереке де мемлекеттік мереке болып табылады.

"Қазақстан Республикасының мерекелер туралы" заңына сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелер күні демалыс күні болып саналады. Демалыс күні мен мереке күндері сәйкес келгенде мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс болып саналады. Бірақ, осы жылы 1 Мамыр да, 9 Мамыр да демалыс күндеріне сәйкес келмей отыр, сондықтан да демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті