"Мен осы уақытқа дейін тұратын Мамыр-3 ықшам ауданында кешенің өзінде 28 пәтердің тұрғындары өз пәтерлерінен шығарылды, тіптен 5 жағдайда есікті бұзып кірген",- деп хабарлады А. Машкенов.
Мұрат Машкеновтың пайымдауынша, тұрғындарды басым бөлігін пәтерлерінен шығару заңсыз.
Оның айтуынша, оны пәтерінен шығаруға арасында өзінің аты бар кәсіпкерлердің тізімі болып отыр. Бірақ, Мұрат Машкеновтың хабарлауынша, ол кәсіпкерлікпен ешқашан айналыспаған.
"Мінеки, менің қолымда тұрғын үй департаментінің Еңбек конфедерациясының бас хатшысы ретінде пәтер бөлу туралы шешімі бар. Ешқандай кәсіпкерлік туралы сөз қозғалмаған",- деп хабарлады Мұрат Машкенов.
"Президенттің 2005 - 2007 жылдарға арналған осы тұрғын үй бағдарламасын бекіткен жарлығы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді қарастырады. Мен басымдық берілетін санатқа кірмеймін, бірақ мұғалім ретінде, кәсіподақ жұмысшысы ретінде бұл пәтерді алу құқығына ие болдым",- деп қосты ол.
Сонымен қатар Мұрат Машкенов, тұрғын үй департаментіне өтінішті кәсіподақ өкілі ретінде барлық қажетті құжаттармен бірге тапсырғандығын, сонымен қатар банктің екі тексеруінен өткендігін хабарлады. Ал пәтерді бөлу алдында департамет қызметкерлерінің өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін төрт оқу орнынан анықтама қағазын әкелгендігін хабарлады.
М. Машкеновтың айтуынша, бүгінгі күнге дейін ол 32 айдың ипотекалық төлемін төлеген. Ал пәтерде 2,5 жыл тұрған.