Мамырда ОПЕК мұнай өндіру көлемін 250 мың баррельге арттырды

Platts мәліметтеріне жүгінсек, сәуір айында тәулігіне орта есеппен 26,36 млн. тонна мұнай өндірген ОПЕК мүшелері мамырда бұл көрсеткішті 26,61 миллион тоннаға жеткізді. Иракты есептемегенде, картельдің 10 мүшесі тәуліктік квота мөлшерінен 1,85 миллион барельді артық өндірген.

1-маусымнан бастап жаңа квота күшіне енеді. Бұл квотаны орындау үшін ОПЕК-ке тәуліктік мұнай өндіру көлемін 950 миллион баррельге дейін азайтуға тура келмек. Әзірше, статистикаға жүгінсек, Картельге мүшелердің арасынан жалғыз ел -Сауд Аравиясы ғана мамырда мұнай өндіру көлемін біршама қысқартқан. Жаңа квотаға бағыну үшін Сауд Аравиясына мұнай өндіру ауқымын тағы да 844 мың баррельге азайтуға тура келгелі отыр.
Квотадан ауытқымағандар қатарында Индонезия, Нигерия және Венесуэла мемлекеттері ғана бар.