Мамырдың 17 мен 19 аралығында өтетін ЭСКАТО жоғары лауазымды тұлғалар мәжілісінде комиссияны реформалау және кедейлікті азайту мәселелері талқыланады

Ким Хак Су кездесуге қатысушылар алдағы күндері Комиссияның 62-ші сессиясынан кейінгі секретариатының қызметін, 2008 - 2009 жылдар аралығындағы қызмет бағдарламасының жобасы, тұрақты өкілдердің кеңестік комитетінің қызметі мен қорларын жандандыру мәселелерін талқылайтындықтарын айтты.

Ол сарапшылар мәжілісіне 2006 жылы Комиссияның 62-ші сессиясынан кейін ұйымдастырылған АТМЭӘК секретариатының жұмысы туралы атқарушы хатшының баяндамасы әзірленгендігін жеткізді. "Бұл - аймақтық проблемалар туралы және АТМЭӘК тарапынан қолдануы қажет шаралар жайында баяндалған алғашқы құжат болып табылады", - деді БҰҰ жүйесінің жоғарғы өкілі.

Ким Хак Су жоғары лауазымды тұлғалардың мәжілісі комиссия сессиясының қорытынды бөлігі - "Азия-Тынық мұхиты аймағында Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу" тақырыбы бойынша 21-мамырда өтетін ЭСКАТО-ның арнаулы мерейтойлық отырысына дайындықтың бір бөлігі екенін атап өтті. Сонымен бірге 22-мамырда "Азия-Тынық мұхиты аймағында Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін экономикалық өсу қарқыны контекстінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту" тақырыбы бойынша министрлердің "дөңгелек үстелі" өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің кездесуіне қатысып сөз сөйлейді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті