Манас әуежайында болған ұшақтардың қақтығысына америкалық экипаж кінәлі -Азаматтық авиация департаменті

Асқаровтың айтуынша, мұндай қорытынды Халықаралық авиациялық комитет мамандары жүргізген сараптама негізінде шығарылған. Оның айтуынша, америкалық КС-135 жанармай толтырғыш ұшақтың экипажы қонғаннан кейін диспечердің рұқсатынсыз ұшу жолын жартылай ғана босатып, аэронавигациялық шамдарын өшіріп тастайды.

"Әуе кемесінің экипажы бул туралы диспечерге хабарламай, ұшу ережесін бұзды",-дейді департамент бастығы. "Әрі ол бұл туралы диспетчердің ұшақтың мекенжайы туралы сұрағынан кейін де тіс жармаған. Ал диспечер болса, бұл кезде ұшақ әлі де жылжып келеді деп ойлайды",-деп түсініктеме берді Аскаров.

Оның айтуынша, Ту 154 лайнерінің экипажы жерден көтерілгенде КС-135 байқамаған. Өйткені қақтығыс түнде болған. Ал америкалық ұшақтың аэронавигациялық шамдары өшірулі болған.

"Бұл әрекетімен КС-135 ұшағы жерден көтерілген Ту 154 лайнеріне кедергі келтірді,-деп Асқаров түйіндеді.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, оқиға биыл қыркүйектің 26-сы кешке Манас әуежайының ұшу алаңында болған. Ош -Бішкек -Мәскеу бағытыдағы Ту 154 жолаушылар лайнері жерден көтерілгенде америкалық жанармай толтырғаш ұшақты қанатымен қағып кеткен. Қырғыз ұшағының бортында 52 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Ту 154 апатты жағдайда қонады. Ал америкалық ұшақ сол арада жана бастағанымен, өрт дер кезінде өшіріледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті