Манас әуежайында жолаушылар ұшағы американың жанармай таситын әскери ұшағымен соғысты

Оқиға кеше кешке әуежайдың ұшу жолағында болған. Ош-Бішкек-Мәскеу бағдарындағы қырғыз әуежелілерінің Ту-154 ұшағы ұшайын деп жатқанда әуежайдың аумағында тұрған АҚШ әскери базасының жанармай құятын ұшағын қағып кеткен. Жолаушылар ұшағында 542 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Артынша ұшақ қайтадан жерге апатты жағдайда қонды. Бастапқы деректерге қарағанда, зардап шеккендер жоқ.

Америка ұшағы қателесіп ұшу жолағына шығып кеткен. Әскери ұшақ өртене бастаған, бірақ от жылдам сөндірілді.

Халықаралық әуежай шұғыл жабылып, оқиғаның себебін айқындау үшін тергеу комиссиясы құрылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті