Кеше өткен қарымта матчта «Манчестер Юнайтед» өз алаңында тағы бір англиялық клуб «Челсиді» 2:1 есебімен (бірінші ойында 1:0 есебімен «МЮ» жеңіске жеткен болатын) ұтты. Сөйтіп екі ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен басымдық танытқан «Манчестер Юнайтед» жартылай финалға шықты. «Барселона» болса қарымта ойында сырт алаңда Украинаның «Шахтер» (Донецск) командасымен кездесіп 1:0 есебімен (бірінші ойын 5:1 есебімен испаниялықтардың пайдасына шешілген болатын) жеңіске жетті.
Бүгін ширек финалдағы тағы екі қарымта матч өтеді. Англияның «Тоттенхэм» командасы Испанияның «Реал» клубын қабылдайды. Бұл командалар арасындағы Испанияда өткен бірінші мачта 4:0 есебімен «Реал» жеңіс тойын тойлады. Сонымен қатар Германияның «Шальке-04» командасы Италияның «Интер» клубын қабылдайды. Италияда өткен бірінші ойында неміс клубы 5:2 есебімен қарсыласын қапы қалдырған еді. «Тоттенхэм -«Реал» жұбының қай жеңгені жартылай финалда «Барселонамен», ал «Шальке-04»-«Интер» жұбының жеңімпазы «Манчестер Юнайтедпен» кездеседі.