Манчестердегі жарылыстан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ - СІМ

«Лондондағы Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз  байланыста. Қазақстан азаматтарына  сақ болу жөнінде ескертулер таратылған. Елшіліктің консулдық бөлімінің жедел желісі іске қосулы: +44(0)7447470570 (WhatsApp). 

Манчестердегі жақындарыңыз, туыстарыңыз немесе достарыңызбен байланысып, олардың есен-сау екендігіне көз жеткізулеріңізді сұраймыз», - деп жазды Жайнақов өзінің Facebook парақшасында.

ҚР СІМ мәлімдегендей, жарылыс болған алаңда қазақстандық алты студент болған.


«Біздің дипломаттарымыз солардың екеуімен байланыс жасап, аман-сау екендігіне көз жеткізді. Оларға ешқандай медициналық көмек қажет емес және достарымен бірге тұратын жерлеріне аман-есен жеткен», - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы.