"Маңдайымнан атып кетсін, ешкімнен қорықпаймын": Талғарда қаза болған Шерзаттың әпкесі күтпеген мәлімдеме жасады

Ол әлдекімдер оны атып кетуі мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Марқұм болған Шерзаттың әпкесі өміріне тіпті қауіп төнуі мүмкін екенін айтқан.

"Мен телевидениеге шыққаным үшін, мені қорқытпақшы. Не деп қорқытады? Қорықпаймын мен. Алты балам бар, балаларым жолдасыма аманат. Өлтірсе өлтіріп кете берсін, әйел басыммен жігітше тұрып беремін. Әйел болсам да, жігітше өмір сүрген адаммын, ешкімнен қорықпаймын. Маңдайыма келсін, атып кете берсін. Менің балаларым жолдасыма аманат, ешкімнен қорықпаймын", - деді ол.