Бұл туралы Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының (ISU) баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ТАСС.
Турнир 2018 жылдың 15-21 қаңтары аралығында өтеді.
Сондай-ақ 2018 жылы Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының қолдауымен өтетін басқа да халықаралық турнирлердің өтетін орындары мен уақыттары белгілі болды.
Спринттік көпсайыс бойынша конькимен сырғанаудан әлем чемпионаты Қытайдың Чанчуне қаласында (3-4 наурыз), классикалық көпсайыс бойынша конькимен сырғанаудан әлем чемпионаты Херенвенде (Нидерланды) 10-11 наурызда, шорт-тректен Еуропа біріншілігі 12-14 қаңтар аралығында Дрезденде (Германия), ал шорт-тректен әлем біріншілігі Монреалда (Канада) 16-18 наурыз аралығында өтетін болды.
Ал мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 19-25 наурыз аралығында Миланда немесе Туринде өтеді.