Отандасымыз Дени Тен 76,22 ұпаймен осы уақытқа дейін мұз айдынына шыққан спортшылардың арасында бірінші орында келеді. Тағы бір қазақстандық спортшы Абзал Рахымғалиев 56,43 ұпаймен әзірге үшінші орында тұр. Қысқа бағдарлама бойынша барлығы 14 мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсететін болады. Жеңімпаздар ертең, 4 ақпан күні өтетін еркін бағдарлама сайысынан кейін анықталады.