Ол Ыстамбұл қаласында 13-18 желтоқсан күндері өткен "Istanbul Cup" жарысының жекелей сынында жеңімпаз атанып, спорттық мансабындағы ең жоғары 220,83 балға ие болды. Енді ол 7-12 ақпанда АҚШ-тың Спирнгс қаласында өтетін "Төрт құрлықтың чемпиондары" жарысында бақ сынайды. Сондай-ақ 26-наурыз бен 1-сәуір аралығында Фравнцияның Ницце қаласында болатын Әлем чемпионатына қатысады деп жоспарлануда.
Биыл 7-Қысқы Азия ойындарында чемпион атанған Денис Тен 11-14 тамызда Канаданың Торнхилл қаласында өткен "Summer Skate 2011" жарысында 2-орын (179,91 балл), 9-11 қыркүйекте АҚШ-тың Онтарио қаласында "Rim of the World" бәсекесінде 1-орын (193,45 балл) алды. Одан кейін Онтариода 21-23 қазан күндері өткен "Skate America" Гран-при кезеңінде 5-орын ( 197,98 балл) және 28-30 қазанда Канаданың Миссиссауга қаласында болған "Skate Canada" Гран-при кезеңінде 2-орын (212.39балл ), ал 8-11 желтоқсан күндері Хорватияның Загреб қаласында "Golden Spin of Zagreb" турнирінде күміс жүлдегер (220.47 балл) атанды.