Маңғыстау облыстық экологтар Қаракөлдің жағдайына алаңдаулы

Оның айтуынша, көл аумағында жыл құстары қайтатын сәтте 80-дей түрді құстар аялдайды. Олардың 21 түрі ҚР және ТМД Қызыл кітабына, сондай-ақ, Халықаралық табиғат және табиғи қорды қорғау одағының қызыл кітабына енгізілген. Алайда, ғылыми зерттеулерді қаржыландырмауға байланысты көлдің қазіргі ахуалы мен оның динамикасы мүлдем дерлік зерттелген жоқ.

О.Қодановтың пайымдауынша, бірегей жасанды су қоймасы ретінде және ондаған мың түрлі құстардың қысқы мекені ретінде жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ, маманның пікірінше, 1986-жылы Қаракөл Қаракие-Қаракөл республикалық маңызы бар мемлекеттік хайуанаттар қорығының құрамына қамтылу нәтижесінде пайда болған төтенше қорғаудағы табиғи аумақ режимін сақтауға қойылатын қоғамдық бақылауды күшейту қажет. Сонымен бірге көл Қазақстандағы қорғаудағы орнитологиялық орындар құрамына қамтылған. Бірақ бұл өкінішке қарай тек қағаз жүзінде ғана дейді О.Қоданов.
Осындай ахуалға байланысты "Маңғыстау табиғаты" қоғамдық бірлестігі Қазақстанның құс қорғаушылар одағымен бірлесе отырып 2005-2009-жылдарға арналған "Қаракөл" атты ұзақ мерзімді бағдарлама жасады. Жоба бойынша, айрықша қорғауға алынған "Қаракөл көлі" табиғи аумағындағы су-батпақ кешенінің ахуалына мониторинг жүргізіп, орнитологиялық зерттеулер жүргізу көзделіп отыр. Сондай-ақ, жылдың түрлі маусымдарында орнитологиялық кешендердің түрлік құрамын анықтауға бағытталған зерттеу жұмыстары ұйымдастырылады. Ғалымдар негізгі құс түрлерінің санын анықтап, Каспий теңізінің жағалауын қыстайтын аққулар мен басқа да құстардың санына жыл сайынғы мониторинг жүргізуі тиіс.
Қаракөл "МАЭК-Қазақтомөнеркәсібі" ЖШС-нің ағызынды суларынан 1967-жылы құрылған. Бұл аумағы 5000 гектарды алып жатқан, көптеген аралдары бар, ауқымды ағынды су қоймасы. Тереңдігі 1 м, ұзындығы 12 шақырымға жуық. Көл Каспий теңізінің жағалауына таяу жерде, Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырымда орналасқан.