Маңғыстау облыстық кеден қызметі Ресейдің "Бірінші Петр" кемесінен есірткі тасушыны ұстады

Ираннан Қазақстан арқылы Ресейге бет түзеген "Бірінші Петр" кемесі капитанының көмекшісінің дүние-мүлкін жеке тексерген кезде бір орама шыққан. Оның ішінен кеденшілер қаралтым түсті, ерекше иісі бар, шар пішінді, өсімдік тектес затты тапты. Сараптама қорытындысы оның салмағы 500 граммдық гашиш екенін көрсетіп берді.

Құқық қорғау мекемелері Ресей азаматының үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің 259 және 250 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.