Маңғыстау облыстық прокурорлары жылдың бірінші жартысында 5754 заң бұзушылық деректерін анықтады

"Маңғыстау облыстық прокурорлары мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау барысында жылдың бірінші жартысында 343 тексеру жүргізіп, олардың нәтижесі бойынша 5754 заң бұзушылық дерегін анықтады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тексерулер нәтижесінде 162 наразылық қанағаттандырылып, соған сәйкес, 576 заңсыз акт, соның ішінде 13 нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды. 401 таныстыруды қарау нәтижесінде 418 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 485-і - әкімшілік, 1-і материалдық жауапкершілікке тартылды.

Тексерулер нәтижесінде 4 қылмыстық іс қозғалып, оның 3-і сотқа жолданды. Сот мүліктік сипаттағы 16, азаматтық істер бойынша 6 шағымды қанағаттандырды. Олар 18,9 млн теңгені құрады.