Маңғыстау облысы: әкімдік ғимаратының үш бірдей қабаты отқа оранды!


Әзірге төтенше жағдай қызметі де, әкімдік өкілдері де қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Зардап шеккен адамдар бар ма, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Бір анығы, жалын екінші қабаттан басталып, төртінші қабатқа дейін жеткен. Облыстың өрт сөндірушілері мен барлық тәртіп сақшылары  жұмылдырылды. Төрт бірдей өрт сөндіру көлігі келді. Әкімдік қызметкерлерінің барлығы қауіпсіз жерге шығарылып, мемлекеттік мекемедегі жұмыс бүгінге тоқтатылды.