Маңғыстау облысында 1-шілдеден бастап газ бағасы қымбаттады

2003-жылғы қаңтар мен тамыз айлары аралығында тұрғындарға сатылатын газ бағасы 27 теңге 88 тиынды, ал 2003-жылғы тамыз бен 2004-жылғы 31-қаңтар аралығында баға шұғыл қымбаттап, 32 теңге 67 тиынға жетті. Ақпан айынан 1-шілдеге дейін газ бағасы 32 тиынға арзандады. Салыстырма ретінде келтіре кетсек, 1998-жылғы шілде айы мен 2000-жылғы маусым айлары аралығында облыстағы газ бағасы 20 теңге 75 тиын болған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, газ қорының түгесіле бастауы мен "Өзенмұнайгаз" ААҚ-ның кеніштерінде қойнауқаттық қысымның төмендеуі газ өндіру көлемінің жылына орта есеппен 6 процентке арзандауына апарып соғуда. Осыған байланысты газ өндіру мөлшерін тұрақтандыру үшін өндірістік басқарма 2001-2003-жылдар аралығында табиғи газ өндіру көлемін тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асырды. 2003-жылы табиғи газ өндіру мөлшерін тәулігіне 2761 млн. текше метр көлемінде тұрақтандыру күтілген.
"Өзенмұнайгаз" ААҚ 2003-жылы газ өндіру көлемін 947 млн. текше метрге дейін , немесе 2002-жылғы деңгеймен салыстырғанда 14,5 процентке дейін қысқартуды көздеген. Ол кен орындарындағы газ қорының азая бастауына байланысты. Сондай-ақ, инвесторлар үшін газ кеніштерін игеріп, оны өндіру көп еңбекті талап ететіндігіне және шығындылығына байланысты коммерциялық қызығушылық тудырмай отыр.
Қазіргі жағдаймен облыста "Өзенмұнайгазбен" бірге "Теңге" бірлескен кәсіпорны мен "Газсервис" ЖШС газ өндірумен шұғылданады. Алайда олар өндіретін мөлшер жылына 100-130 млн. текше метрден аспай мардымсыз күйінде қалып отыр.
Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2003-2005-жылдарға арналған индикативтік жоспарға сәйкес 2005-жылдың аяғында аймақта газ өндіру көлемі 1,1 млрд. текше метр болмақ. Бұл 2002-жылғы деңгейден 11,9 процентке кем.