С.Торалиевтің айтуынша, аудан орталықтары мен қалаларды Ақтаудағы облыстық ауруханамен байланыстыратын модульдар орнатылады. Бұл модульдар On-Line (нақты уақыт) және Off-Line (күту) режимдерінің қай-қайсысында да жұмыс істей береді.
С.Торалиевтің айтуынша, кез-келген елдімекендегі науқасқа диагноз қою үшін оны облыс орталығына сабылтудың қажеті жоқ. Негізгі модульдар базасы орналасатын облыстық аурухананың мамандары өз әріптестеріне телемедицина көмегімен ақыл-кеңестер бере алады.
Сондай-ақ, 2006-жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен әрбір ауданға 5-6 "Нива" автокөлігі алынып, оларға да шағын модульдар орнатылады. Бұл шақырумен ауылға барған дәрігерге науқасты сол жерде қарап, жинақтаған ақпаратты спутниктік және басқа да байланыс желілерінің көмегімен ауруханаға жіберуге мүмкіндік береді.
2003-жылы облыс бойынша денсаулық сақтау саласына 2,8 млрд. теңгенің қаржысы жұмсалды. Дәрі-дәрмектер мен азық-түлік сатып алуға 770 млн. теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 50 млн. теңге арналды.
2003-жылы облыстың бір тұрғынына денсаулық сақтау саласына арналған қаржыландыру көлемі 8 мың теңгені құрап, республика бойынша ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді.