"Банктер шағын бизнеске белсенді түрде несие үйлестіруде, үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға 10,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл 2,5 есе көп",-деп мәлімдеді
Қ. Көшербаев. Әкімнің айтуынша, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны соңғы жылы 8%-ке өсіп, 20% болды.
Қ.Көшербаевтың сөзіне қарағанда, экономиканың әр саласында шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың жалпы саны 37 мың. "2006 жылдың бірінші жартысында олар 10 млрд. астам теңгенің өнімін өндіріп, қызмет көрсетті",- деп атап өтті Қырымбек Көшербаев. Сондай- ақ , орта және шағын бизнес өкілдерінің өнім өткізу аясын кеңейту мақсатында ірі компаниялармен өнім немесе қызметті сатып алуға тендер ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізілуде, дейді әкім.
Әкім сондай-ақ, Маңғыстау облысында кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі аймақтық орталығы ашылғанын хабарлады. Қ.Көшербаевтың айтуынша, бұл орталыққа осы айда "Атамекен" кәсіпкерлер одағы, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығы , "Маңғыстау" инвестициялық компаниясы" орналастырылады.
Оған қоса, облыс әкімі , аймақтағы барлық қалалар мен аудандарда есеп беру кезеңінде шағын несиелер тарататын 9 ұйым құрылғанын хабарлады.
Облыс бойынша, олардың жалпы саны 13. "Кәсіпкерлікті дамыту шараларының жүзеге асуы нәтижесінде жұмыссыздық санын төмендетті. Үстіміздегі жылдың шілде айында тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,4% болатын. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштен 0,2% төмен",- дейді Қырымбек Көшербаев.