Маңғыстау облысында 21 жастағы қыз жоғалып кетті

Көршілес Өзбекстан елінің тумасы  Төреғалиева Жадыра Бақтыбайқызы 1993 жылы 19 сәуірде дүниеге келген. Атамекен ауылында тұратын ол 9 желтоқсан күні сағат 10.00 кезінде үйден шығып кеткен.

Белгілері: бойы 165-170 см, шашы қысқа, қара түсті. Үстіне қара түсті күртеше мен көк шалбар, қоңыр жемпір, қара аяқкиім киген. Қолында  «Нокиа» телефоны болған.