Маңғыстау облысында 31 мыңнан астам АҚШ долларын алып өту дерегінің жолы кесілді

"Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы мен "Әуежай-Ақтау" кедендік постының қызметкерлері Ақтау - Фужейрах бағытындағы рейске тіркеу жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталған, ол декларацияда өтірік ақпарат көрсетіп, кедендік бақылаудан жасыру жолымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан шетелдік валюта алып өткен",- деп хабарлады М. Ақмұратов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті