Маңғыстау облысында 32 өлі итбалық табылды

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 3 сәуірде 18 сағат 08 минутта Маңғыстау облысының Қаламқас кен орнындағы судан қорғау бөгені жағалауында "Маңғыстаумұнайгаз" қызметкерлері №1бекетінен № 300 бекетіне дейін созылып жатқан жағалау жолында 32 өлі итбалықты тапты.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша " бұл оқиғаның анық-қанығын облыстық ТЖД мен облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы тексеруде ".