Маңғыстау облысында әділет полковнигі Геннадий Ковганды өлтірген күдікті қылмысын мойындады

Маңғыстау облыстық Қылмыстық атқару жүйесін басқарған әділет полковнигі Г.Ковган 3-тамызда Ақтауда кісі қолынан қаза тапқан болатын.

Облыстық ІІБ бастығы орынбасарының айтуынша, осында айдалып келген қамаудағы В.Блохин Г.Ковганның саяжайында өмір сүріп, сонда жұмыс істеген. Мас күйіндегі тұтқын полковниктің жауырынына пышақ салып алса керек.
А.Башановтың пайымдауынша, бұл қасақана емес, абайсызда кісі өлтіру оқиғасы болмақ.
Қазіргі жағдаймен қылмысқа айғақ заттар болып табылатын пышақ пен қан дағы бар киімдер алынды. Ендігі жерде сот-медициналық кешенді сараптама жасалады.
Өзбекстан республикасының Самарқанд облысында 1960-жылы туған В.Блохин тонаушылығы үшін Маңғыстау облысында жазасын өтеп жатқан.