Маңғыстау облысында Ақтау әуежайы терминалын салу жөніндегі концессиялық жоба бойынша байқау комиссиясының отырысы өтті

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Михаил Бортниктің айтуынша, байқауға "Каспийский камень" ЖШС, "Ақтау. Инфраструктура"ЖШС, "Алматы инвестмент Лтд" ЖШС, "АТМ групп" және "Ортай" ЖШС секілді бес компания қатысты. Алғашқы екі компания Ақтауда, қалғандары - Алматыда тіркелген.

Байқау құжаттарына сәйкес , әрбір компания жолаушылар терминалының құрылысын 30 млн долларға, құрылыс салу мерзімін 13 - 24 айға, ал пайдалану мерзімін - 28 - 30 жылға бағалаған. Сарапшылар комиссиясының мүшелері келтірілген құжаттармен 10 күн бойы жұмыс істеп, нәтижесін жария етеді.

Байқау құжаттары бар конвертерді ашпас бұрын М. Бортник облыс әкімшілігінің әуежай басшылығымен бірлесіп концессионерге берілуге тиіс нысандардың тізімін жасағанын жеткізді. "Бұл дегеніңіз, жаңалауға инвестиция жұмсау және жаңа орнына нысандар салу үшін белгілі бір нысандар белгіленген уақытқа концессионердің уақытша пайдалануына беріледі деген сөз. Бұдан кейін, уақыты өткен соң барлық нысандар мемлекеттің пайдалануына қайтарылады", - деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, шілде айының орта шенінде ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Манғышлақ - Баутино, Ералиево - Құрық бағытындағы жаңа темір жол желілерін тарту жобалары бойынша концессионерлерді анықтау үшін конверт ашу шарасы өткізілген болатын. Қазір байқау құжаттамалары сарапшыларға жолданған, олар өз қорытындыларын екі айда беруге тиіс. Байқау жеңімпаздарымен келісім-шартына қараша айында қол қойылады деп күтілуде.

Көлік және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, Ералиево - Құрық темір жол тармағының құрылысы 2007-жылғы желтоқсанда басталады деп жоспарланған. Құрылыс 7,6 млрд теңгеге тұрғызылады. Жоба Құрық айлағын дамыту аясында жүзеге асырылып, қуаты жылына 20 млн тоннаны құрайтын мұнай айдау терминалы салынады, ол Баку - Тбилиси - Жейхан және мұнай газ саласындағы басқа да жобаларға атсалысуды көздейді.

Жалпы алғанда Көлік және коммуникациялар министрлігі транспорт саласында сегіз ірі концессиялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Соның ішінде темір жол саласында жеті, автокөлік жолдарын салу бойынша бір жоба бар. 2007-2009-жылдары жүзеге асырылады деп межеленген жобалардың жалпы құны 280 млрд теңгені құрайды.