Маңғыстау облысында астыртын тұшпара цехы анықталды

"Маңғыстау облысының прокуратурасы Қалалық санитарлық эпидемиялық қадағалау департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңның қолданылуына рейдтік тексеру жүргізу барысында Маңғыстау облысының, Мұнайлы ауданының Маңғыстау станциясында рұқсат беретін құжаттары жоқ тұшпара дайындайтын цехты анықтады",- деп айтылған хабарламада.

Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, "Сенім Лтд" ЖШС тиесілі цехтың сумен қамтамасыз ету және арам су құбырлары болмаған, ондағы жағдай санитарлық талаптарға сай емес, жұмысшылардың медициналық кітапшалары да болмаған.

Сонымен қатар, прокуратура мұнда, Маңғыстау станциясында рұқсат беретін құжаты жоқ және де антисанитарлық жағдайда жұмыс істейтін самса пісіретін орынды анықтаған.

Аталмыш деректер бойынша облыс прокуратурасы Қалалық сантиарлық эпидемиялық қадағалау департаментіне заң бұзушылықтарды жойып, кінәлілерді жауапқа тару туралы ұсыныс енгізді. Сонымен қатар, сотқа заң бұзушылықтар жойылғанға дейін тұшпара цехы мен самса пісіретін дүңгіршектің жұмысын тоқтату туралы талап-шағым жіберді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті