Маңғыстау облысында ауылдық әкімшіліктің ғимараты толық өртеніп кетті - ТЖМ

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 7 қаңтарда 00 сағат 10 минутта Маңғыстау облысының Қызылөзен ауылындағы әкімшіліктің ғимаратында 160 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, ғимарат толық жанып кетті. Өрт 4 сағат 20 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 1 техникасының күшімен сөндірілді.