Маңғыстау облысында Беларусьпен бiрлескен агроқалашық құрылмақ


Оның атап өткенiндей, облыста азық-түлiктердiң бағасы республика бойынша ең жоғары болып табылады. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ аясында бiрқатар бiрлескен жобалар iске асыру көзделiп отыр. "Шамамен азық-түлiктердiң 85 пайызы сырттан әкелiнедi. Климаттық жағдайларға байланысты өзiмiздiң өнiмдерiмiздiң үлес салмағы аса төмен. Сүт пен көкөнiс тауарлардың барлығы бiзге Ресейден және Беларусь елiнен әкелiнедi деуге болады. Сол мақсатта бiз облыста ауыл шаруашылығы саласында бiрлескен кәсiпорындарды құру бойынша жұмыстарды атқарудамыз. Екi жыл бұрын бiз Беларусь елiне барып, ол жақтағы агроқалашықтардың тәжiрибесiн зерттедiк. Ол мемлекетпен өзара келiсiм жасалды. Маңғыстау облысында түйе өсiру және шұбат өндiру бойынша үлкен база бар. Нақты шараларға келетiн болсақ, бiз облыста Беларусьпен бiрлесiп, агроқалашық құруды жоспарлаудамыз", - дейдi ол.