Маңғыстау облысында бес әскери қызметкер жарақат алды

 Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақаттанды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Төтенше жағдай 27 қазанда болған.

"Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметкер жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда", - делінген хабарламада.


Бұл факті бойынша тексеріс басталды.