Маңғыстау облысында бірінші жарты жылдықта салық түсімдерінің өсімі 70 процентті құрады

Комитет ақпаратына сәйкес, бұл түсімді негізінен облыстағы мұнай өңдеуші кәсіпорындар : "Маңғыстаумұнайгаз" ААҚ, "Өзенмұнайгаз" ААҚ, "Қаражанбасмұнай" ААҚ мен "Арман" ЖШС қамтамасыз етіп отыр.

2003-жылы облыстық салық комитеті мемлекттік бюджетке 80 млрд. теңге көлемінде салық түсімдерін жинауды жоспарлап отыр. Ал былтыр бюджет қоржынына 60,673 млрд. теңге қосылған болатын.
Е.Жиенбековтың хабарлауынша, салық комитеті жергілікті және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қазірдің өзінде 100 процент қамтамасыз етіп үлгерді. Атап айтсақ, салық комитеті облыстық жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін 11,300 млрд. теңгемен қамтамасыз етуді жоспарлаған болатын, ал шын мәнінде жергілікті бюджетке 11,632 млрд. теңге түсім құйылды. Республикалық бюджет қоржынына қосылатын қаржылық жинақтар да артығымен орындалып, 31,887 млрд. теңгені құрады. Ал болжанған мөлшер 28,650 млрд. теңге болатын.