ҰҚК облыстық департаментінің ақпаратына сәйкес, жоғары лауазымдардың бірін иемденетін 26 жастағы түрме қызметкері түрме аумағында есірткі сатып жатқан жерінен көзге түскен. Алайда, тұтқындау барысында ол қылмыс орнынан із жасырып үлгерді.
ҰҚК облыстық департаментінің долбарына сәйкес, күдікті Ақтауда жасырынып жүрген болуы мүмкін. Ұсталған жағдайда бұрынғы түрме қызметкеріне ҚР Қылмыстық кодексінің "заңсыз есірткі саудасы жөніндегі" 259-бабы бойынша айып жүктеледі. Бұл бап бойынша оған 10-15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жүктеледі.
Күдікті Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының тумасы. Қатаң тәртіпті түрмеде 5 жыл қызмет еткен. Оның 2 жылында жоғары лауазымда болды.