Табиғи газдың жарылысы 18-маусымда 16 сағат 25 минутта болған. Жарылыс салдарынан №1 пәтер толық қирап, №2 пәтердің бір қабырғасы құлады. "Соның салдарынан 26 жастағы әйел зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", деп хабарлайды мекеме.
Қазір бүлінген пәтердің тұрғындары туыстарына таратылып уақытша орналастырылды.
Жарылыстың залал-зардаптарын жоюға ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті