Маңғыстау облысында ірі жол апаты болды: 10 адам зардап шекті

4 қарашада күндізгі уақытта Ақтау-Таушық тасжолының 110-шы шақырымында екі көлік соғысып қалған. Бұл туралы Маңғыстау облысының Апаттар медицина орталығындағылар хабарлаған. - деп хабарлайды Lada.kz.

Орталықтағы қызметкерлердің айтуынша, бұл оқиға шамамен сағат 14:00-де болды. Екі көлік соғысып, салдарынан 10 адам зардап шеккен. Олар Таушық ауылындағы ауруханаға жеткізілген.

Басылымның мәліметінше, зардап шеккендердің бірі өте ауыр жағдайда жатыр.


Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.