Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, есеп беру кезеңінде анықталған қылмыстар саны 35,4 пайызға өскен. Үстіміздегі жылдың үш айында 3 кг 739 г 608 мг есірткі заттары, соның ішінде 1,748 кг героин, 1,888 кг марихуана, 100 г гашиш тәркіленген.
Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың наурызында облыстық прокурордың бекіткен арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралары нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері Жаңаөзенде құрықтаған топтан 1,3 кг героин табылып, тәркіленген.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұсталған адамдар екі жыл бойы героин сатумен айналысқан. Маңғыстау облысына осы уақыт ішінде есірткі заттары еш кедергісіз әкелініп отырған.
"Есірткі заттары Маңғыстау облысымен шектесіп жатқан Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен тасымалданған",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті