Қазіргі таңда зауытқа арнап бөлінген аумақта қазба жұмыстары жалғасуда. Жаңадан 272 жұмыс орны құрылды. 50 гектар аумақта болашақ зауытқа арналған өнеркәсіптік алаң, кемежай, ірі кемелер, танкерлер, сухогруздар, жүк көтеретін крандар мен баржалар тоқтайтын пирс жарақталады. Осыған байланысты шығанақтың табанын 20-30 метрге тереңдету жұмыстары жүзеге асырылмақшы. Сондай-ақ, толқын қайтарушылар да салынады.
Кемежайда порталды крандарға арналған шойын жолдар мен крандардың өздері құрастырылып, олардың көмегімен ірі баржалар бұрғылау платформалары мен басқа да түрлі жабдықтарды теңіздегі мұнай бұрғылау орындарына тасымалданады.
Металл конструкциялар зауытының техникалық базасы Ералиево станциясында салынады. Бүгінде станцияға түрлі құрал-жабдықтар жеткізіліп, олар арнаулы алаңқайдағы қоймаларда жинала бастады.
"Ер-Сай" бірлескен кәсіпорының құрылтайшылары - "ЕРС-холдинг" компаниясы мен "Эни" мұнай компаниясының салалық бөлімшесі - Италияның "Сайпем" компаниялары болмақ. Олар бірлескен кәсіпорынды тең бөліп иемденеді.