"Бірлескен рейд шараларын жүргізу кезінде "Тәжен" және "Бейнеу" кеден бекеттерінің қызметкерлері Бейнеу ауданының 4-разъезінің маңында мемлекеттік шекарадан 80 шақырым жерде шекарадан заңсыз өткізілген көкөніс тиеген екі жүк көлігін қамауға алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тауар иесі Қазақстан азаматының айтуынша, тәркіленген тауардың жалпы салмағы 20 - 25 тоннаны құрайды. Ал құны шамамен 1,5 млн теңге.