Алдын ала мәліметтер бойынша, 25-30 жас аралығында 4 жігіт отырған «Лада Приора» көлігі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен қақтығысты.
«Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің жүргізушісі сол жерде жан тапсырды, ал қалған 3 жолаушы қысылған темірдің астында қалды», - дейді жол-патрульдік қызметтің өкілі.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері, жігіттердің әр жерден қолдары мен аяқтары сынған дейді. Олардың біреуі ес-түссіз жатыр.
Қазір ол жерде тергеушілер жұмыс істеуде. ЖКО себептері анықталуда.